Кәсіби бағдар
04.03.2020Мамандықты таңдаудың бір жолы кәсіби бағдар беру
Қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие. Бүгін 4 наурыз күні мектебіміздің 9-сынып оқушыларына (125 оқушыға) Нұр-Сұлтан қаласының Халықаралық лингвистикалық колледжі мамандары тренинг-презентация өткізді. Өте қызықты өтті, оқушылар мамандық таңдауда белсене қатысып, араласып кетті. Жалпы мектебімізде 9, 11
сынып оқушыларына мамандық таңдауда, ЖОО, колледждер ашық есік күндеріне шақырып, тренинг-презентациялар өткізуге жиі келіп тұрады және оқушыларды ол қызықтырады. Оқушыларымызға мамандық таңдауда тек сәттілік тілейміз.
4.03.2020.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
