ЖАҢАРТЫЛҒАН "АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ"
04.03.2020Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің
ЖАҢАРТЫЛҒАН "АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ"
«Адалдық дүкенінде» мұғалімдер мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетеді. Сауда орнының басты ерекшелігі де осы. Биылғы жаңартылған «Адалдық дүкенінің» сөрелеріне мектеп логотипі мен мектеп атауы жазылған қаламсаптар, блокноттар, кружкалар, футболкалар, күнтізбелер және оқушы қолымен дайындалған қолжазбалар, ұялы телефон қаптары т.б. заттар қойылды. «Адалдық дүкенінің» оқушыларымыз үшін тәрбие мекені болатынына сеніміміз мол.
https://www.facebook.com/groups/astana37/permalink/808265942988881/?sfnsn=mo&d=n&vh=i
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
