80 мектеп

03.03.2020

Шәкірттерге айқара ашып есігін,
Саналарға білім құйған бесігім.
Құтты болсын айтулы күн бүгінгі-
Иеленген Сәкен аға есімін.

Ордасысың тәрбие мен білімнің,
Өзегі сен, жалынды әрбір жырымның.
Тағылымыңмен, талабыңмен, еңбекпен,
Тек алдағы қатарларға іліндің.

Білім менен тәрбие- ол қос егіз,
Мектеп-кеме, қос ескекті есеміз.
Сәкен атын иеленген кемемен,
Біз тек нұрлы болашаққа жетеміз.


    



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено