17 ақпан мен 21 ақпан аралығында №80 мектеп-гимназиязында "Happy English" атты ағылшын тілі апталығы өтті.

03.03.2020

Апталықтың мақсаты: мектеп оқушыларының шет тілін үйренуге қызығушылығын арттыру және білімдерін шыңдау. Апталық барысында мектепте түрлі іс-шаралар жүргізілді. Атап айтар болсақ, "What is the Logic", "Brainstorm", "Polyglot" атты интеллектуалды ойындар, "Super Star" музыкалық жас таланттар байқауы өтті. Апталықтың ашылу салтанатында мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары "Cinderella" қойылымынан үзінді көрсетіп, ән шырқап, өз өнерлерін паш етті. Апталықтың қорытындысы ретінде оқушылар мадақтама, сыйлықтармен марапатталды.

           



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено