«Ертегілер әлеміне саяхат»
11.02.202011 ақпан күні № 32 мектеп-гимназиясының қабырғасында 2-сынып оқушылары арасында «Ертегілер әлеміне саяхат» атты театрланған қойылым байқауы өтті.
Балалар ертегі кейіпкерлері арқылы жолда жүру ережелерін еске түсдірді. Жоғарғы деңгейдегі дайындық, оқушылардың әсем бейнелері мен сахнаның безендірілуі – байқаудың көркін аша түсті.
Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: Бас жүлде – 2 «Қ» сынып, 1-орын – 2 «Ә» сынып, 2-орын – 2 «И» және 2 «З» сыныптары, 3-орын – 2 «Ғ» сыныбы. Сонымен қатар «Үздік актер» номинациясына 2 «Ә» сынып оқушысы Тұрғын Сезім, 2 «З» оқушысы Серік Айым, 2 «Қ» сынып оқушысы Асқаров Арлан ие болды.
Мектеп әкімшілігі барлық жауапты мұғалімдерге алғыс білдіреді.


-min.jpeg?_t=1581770715)
-min.jpeg?_t=1581770715)


-min.jpeg?_t=1581770715)
-min.jpeg?_t=1581770715)
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
