«Толағай»
09.10.2019 2019 жылдың қазан айында «Толағай» отбасылық сайысы өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау. «Шынықсаң шымыр боларсың» демекші біздің оқушыларымыздың дені сау, өрісі кең, денсаулығы мықты болып өсуі керек, сондықтан мектебімізде «Толағай» отбасылар сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 4- сынып оқушылары мен ата-аналар арасынан төрт отбасы белсене қатысты. Сайыс барысында берілген ойын шарттарын отбасылар қызыға да жарыса орындады. Сайыс өте қызықты өтті. Сайыс соңында бас жүлдені Дозгенбайлар отбасы, бірінші орын Табыновтар отбасы, екінші орын Сәметовтар отбасы, үшінші орын Әбілхайым отбасылары иеленді.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено