Бүгін мектебімізбе Гүлнұр Толеубекқызының ұйымдастыруымен 1-сыныптар арасында "Әнге әуес, күйге құмар баламын" атты ата-анасымен бірлескен оқушылар арасында ән шашу сайысы өтті.

06.12.2019

Бүгін мектебімізбе Гүлнұр Толеубекқызының ұйымдастыруымен 1-сыныптар арасында "Әнге әуес, күйге құмар баламын" атты ата-анасымен бірлескен оқушылар арасында ән шашу сайысы өтті. Сайыста небір өнерлі бала мен ата-аналарды байқадық. Осы сайыста 12 сыныптың арасынан суырылып шығып, шығармашылық өнерлерімен көзге түскен 1"Б" сынып БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды; сынып жетекшісі Қиқымбекова М.К., ал 1"А" сыныбы әдемі әуенді даусымен 1-орынды иеленді; сынып жетекшісі Айнакулова К.Т. 2-орынды 1"Ә" сыныбы; сынып жетекшісі Нукенова Б.Н. және 1"Д" сыныбы; сынып жетекшісі Кәрім А. иеленді. Ал 3-орынға 1"З" сыныбы; Игісін К. және 1"К" сыныбы; сынып жетекшісі Бөгетбай Ш. Ие болды. 1"В" және 1"Ж" сыныптары "Көрермен көзайымы", 1"Г" сыныбы "Әртістік қабілетімен" , 1"Ғ" және 1"И" сыныптары "Талантты жұп" номинацияларымен марапатталды. Балаларымен қоса дайындалған ата-аналарына, оқушылары мен ата-аналарына бағыт беріп жетелеп жүрген мұғалімдерге алғыс айтамыз. Бізге қолдау көрсеткен қамқоршылық кеңесінің төрайымы Жұлдыз Мейрамқызына ризалығымызды білдіреміз. Шығармашылық, өнер жағынан шыңдала берсін бүлдіршіндер.








Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено