2019 жылдың 20 қараша күні Нұр-Сұлан қаласы №58 мектеп гимназиясында «Балалар үшін біргеміз» атты бірыңғай жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізілді.

20.11.2019

              2019 жылдың 20 қараша күні Нұр-Сұлан қаласы №58 мектеп гимназиясында «Балалар үшін біргеміз» атты бірыңғай жалпыреспубликалық ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ Біріккен Ұлттар ұйымының «Бала құқығы» туралы Конвенциясына, Қазақстан Республикасының «Бала құқығының» заңының қабылдануына 30 жыл мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Іс-шарада дәріс оқыған Қазақстан Республикасының Жоғары соты жанындағы Сот төрелігі Академиясының жетекші ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты Есенбаева Анель Рахметжановна оқушыларға бала құқықтары мен бостандықтары туралы сұрақтар талқылады. Іс-шара өз жоғары дәрежеде өтті. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар жиі өткізілуіне оқушылар тілектестігін білдірді.






 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено