Керемет күзгі демалыс
09.11.2019

Мектептегі күзгі демалыстың жемісті өтуі үшін оқушыларымызға арналып түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, волейболдан, баскетболдан, тоғызқұмалақтан және шахматтан біріншілік, Тұңғыш президент мұражайына экскурсия, «Қош келдің, алтын күз!» тимбилдинг спорттық жарыстары, «Тілдесудің алтын кілті» атты психологиялық тренинг, пневматикалық винтовкадан ату сайысы, «Қозғалыс - бұл өмір» биден шеберлік сабағы, №27 мектеп-лицейдің 35 жылдығына орай «My school» атты суреттер сайысы. Аталмыш сайыстар мен шеберлік сағаттарына оқушылар белсенді қатысты.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
