Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» орталығының ұйымдастыруымен мектебімізде «Елтаным» рухани-танымдық көшпелі дәрістер жобасы өткізілді.

08.11.2019

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» орталығының ұйымдастыруымен мектебімізде «Елтаным» рухани-танымдық көшпелі дәрістер жобасы өткізілді.

Жоба негізінде 10 сынып оқушыларымен тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Оралбайұлы Әбсемет мырзамен «Рухани Жаңғыру және Алаш кезеңі» тақырыбында  кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының өзектілігі мен маңыздылығына тоқталып, киелі мекеніміздің тарихи құндылықтарын, ұлтымыздың ұлы тұлғаларының рухани-мәдени, әдеби мұралары туралы ақпарат берілді. Оқушыларға тарихи сұрақтар қойылып, көптеген мәліметтермен бөлісті.

  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено