Мемлекет басшысы №23 мектептің материалдық-техникалық базасымен танысты.
02.11.2019Мемлекет басшысы №23 мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу кабинеттерін аралады, оқушылармен және мұғалімдермен әңгімелесті. Мұғалімдер Президентке мектептің қажеттіліктері туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев мектептің түйткілді мәселелерімен таныс екенін, аталған ауданда қысқа мерзім ішінде жаңа мектеп салу жөнінде тапсырма бергенін атап өтті.
– Бұл – іске асатын жоспар. Сіздерге алдағы уақытта жаңа мектепте жұмыс істеуге мүмкіндік болады, – деді Мемлекет басшысы.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне және Білім және Ғылым министрлігіне, Білім басқармасына алғысымыз шексіз.





Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
