Қалалық «Математикалық сайыс» конкурсы өтті.

19.10.2019

   Ағымдағы жылдың 19 қазан күні 3-4 сынып оқушыларына арналған қалалық «Математикалық сайыс» конкурсы өтті. Сайысты «Астана Дарыны» дамыту және психологиялық сүйемделу орталығы ұйымдастырды.  Конкурсқа №4 мектеп-гимназиясы атынан «Бірлік» тобы белсене қатысып, I дәрежелі дипломға ие болды. Топты, 3 «Г» сыныбынан Бекмухаммадова Аружан, 4 «А» сыныбынан Нығмат Нұрай және 4 «Б» сыныбынан Есмағамбет Жансая оқушылары құрады. Жетекшісі Жетенова Анар Кенесовна дипломға ие болды. Болашақта оқушыларға және де жетекшіге тек сәттілік тілейміз!

 
 
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено