«Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қатысты
28.10.2019ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хатына сәйкес (2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 01-3-5-18/10541-И) Үкіметтің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №726 Қаулысымен «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілген қызметі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тізілімнен 1 қарашадан бастап қолданыстан алынатынын хабарлайды.
1 қарашадан бастап Қазақстанда мекенжай анықтамасы жойылады және мемлекеттік қызметтер тізілімінен шығарылады. Бұл дегеніміз, мемлекеттік органдар, мектептер, медициналық мекемелер және т.б. азаматтардан мекен-жай анықтамасын 1 қарашадан бастап талап етуге құқылы емес. Мұны азаматтардың үкімет филиалдары арқылы да, электронды үкімет порталы арқылы да алуға болмайды.
Қажет болған жағдайда қазақстандықтар egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінде немесе eGov мобильдік қосымшасы арқылы тұрғылықты жерін тексере алады.
Мемлекеттік органдарға келетін болсақ, олар бұл ақпаратқа ішкі істер министрлігінің деректер базасымен біріктірілген өздерінің ақпараттық жүйелері арқылы қол жеткізе алады.
Сонымен бірге, азаматтарды тіркеу туралы ақпарат қажет болуы мүмкін басқа ұйымдар, соның ішінде жеке компаниялар оны egov.kz электрондық үкімет порталындағы бөгде сервис арқылы ала алады. Егер азамат SMS-хабарлама арқылы өзінің тіркеуі туралы ақпаратты бір реттік алуға келісімін берсе ғана бұл мүмкін болады.Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
