«Ахмет – ұлт ұстазы»
05.09.2019Ұлттың рухани көсемі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ақын, публицист, педагог және қоғам қайраткеріАхмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылған Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі қарсыңында нұр-Сұлтан қаласы №48 мектеп-лицейінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бірлестігі ұйымдастырған «Ахмет – ұлт ұстазы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мектептің 11-сынып оқушылары және филология ғылымдарының докторы, ЕҰУ-нің профессоры Әбдуалиұлы Бекжан ғалым А.Байтұрсынұлының өнегелі өмірі, қоғам қайраткерінің ұлтының болашағы үшін аянбай қызмет еткені, тілді дамытудағы терең еңбектері, білім саласындағы ұшан-теңіз зерттеулері, адами құндылығын жас ұрпаққа үлгі ретінде насихаттады. Кездесуге қатысқан мектеп түлектері бұл кездесуден өз болашағына үлгі боларлық рухани қазына ала білді.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
