Соңғы қоңырау

25.05.2019

25 мамыр - қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектептің мерекесі.

Мектебіміздің биылғы «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты кеші жылдағы шаралардан ерекшелігімен есте қалмақ. Оқушылар мен мұғалімдер бұл салтанатты кешті қызықты, кіріктірілген сабақ  түрінде өткізді. Сабақ барысында оқушылар мектепте алған білімдерін жинақтаса, мұғалімдер сабақты түлектерге арнаған жылы лебіздерімен аяқтады.  Сабақ барысында ән де, би де орындалып, оқушылар мен ұстаздар арасында сенімді пікіралмасу алаңы орнады.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша оқу жылында қатарынан оза шапқан, дарынымен дараланған оқу озаттарын үздіктер марапатталды.

Балалықпен қоштасып, үлкен өмірмен қауышу алдында тұрған түлектердің мектеппен қоштасу сәті де келіп жетті. Соңғы қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушысы Попп Романға  тапсырылды. Алтын ұя мектеппен, аяулы ұстаздарымен қимай қоштасқан түлектер үлкен өмірге қадам басты. Оларды алда талай сынақтар күтіп тұр. Сол сындардан сүрінбей өтсін деген тілектермен соңғы қоңырау салтанаты өз мәресіне жетті.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено