2019 жылғы 13-17 мамыр аралығында №65 мектеп-гимназиясында 10-сынып оқушыларына арналған алғашқы әскери дайындық пәнін қорытындылау мақсатында дала оқу-жаттығу лагері өткізілді.
17.05.20192019 жылғы 13-17 мамыр аралығында №65 мектеп-гимназиясында 10-сынып оқушыларына арналған алғашқы әскери дайындық пәнін қорытындылау мақсатында дала оқу-жаттығу лагері өткізілді.
Биылғы жылы оқу-жаттығу лагеріне біздің мектептің оқушылары ғана емес, №20, 47, 35, 60, 61, 80 және 65 мектептерінің 10-шы сынып оқушыларыда қатысты.
Далалық оқу-жаттығу лагерлерін ұйымдастыруды жалпы әскери дайындық нұсқаушы-ұйымдастырушы полковник А.К.Ташубаевқа тапсырылды.Оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудыратын мазмұнды, практикалық сабақтар өткізілді.
Күнделікті таңертеңгі жаттығулар, фронталдық әдістерді орындау, оқу-жаттығу топтарының салтанатты марштарын өткізу, күндізгі кезекшілік және мектеп алаңының қауіпсіздігін қадағалау, жалпы қорғаныс жиынтығын кию, қаруды бөлшектеу және құрастыру, қару-жарақтармен ату, оқу-жаттығу жиыны оқушыларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің күнделікті өмірімен танысуға мүмкіндік берді.
Ауған соғысына қатысушы №35 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі «Қызыл Жұлдыз», «Қарулы Күштері» орденінің иегері, барлаушы жауынгер – Бейсенов Жарқын Қайрбаевич әлемдегі қазіргі жағдайды ескере отырып, заңсыз қарулы топтармен ұрыс қимылдары түрлерінің өзеруіне байланысты тактиқалық жаттығулар өткізді.
№60 мектеп-лицей мұғалімі , майор Танекенов Әнуарбек Тандыбайұлының ерлігі мен құрметіне, тәрбие жұмысына қатысты жоспарлы түрде кездесу өткізілді.
«Отан қорғаушы» монументі алаңында Қорғаныс істері Департаментінің және «Шығыс» білім басқармасының өкілдерінің қатысуымен оқу-дала жаттығу лагерінің салтанатты аяқталуы өтті.
Оқу-жаттығу лагерінің қорытындысы бойынша оқу, жоғары практикалық нәтижелері үшін 10 «А» және 10 «Ә» сынып оқушылары Ақан Салауат, Зал Бердібек, Мұсатай Дулат дипломдарымен марапатталды.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
