«Баласы кітап оқыған ел- бақытты ел» атты оқырман конференциясы.

19.05.2019

7«Ә» сыныбындағы ата-аналармен бірлесіп «Отбасылық сауаттылық оқу » клубында «Баласы кітап оқыған ел бақытты ел» тақырыбында оқырман конференциясы өтті.Бұл сыныпта 5-сыныптан бастап, барлығы 75 кітап талданды .Балалар өздері оқыған кітаптырын зерттеу мақсатында«Оқырманның зерттеу күнделігін» толтырып отырады.Ата-аналар балаларының тіл мәдениетінің дамып келе жатқанын мойындап отыр.Бұл-«Отбасылық сауаттылық» жобасының авторы Момынқұлова Алтынның жоспарлы,үздіксіз жүргізілген жұмысының нәтижесі . Конференция барысында ата-ана,бала,ұстаз арасындағы шынайы қарым-қатынас куәсі болдық. Баланың кітап оқуына осы үштіктің бірлескен одағы жәрдем беруде .Конференциясы ұйымдастыруда ұстаздар Иманалиева Алма Бейсеханова мен Махшар Айжан үлкен көмек көрсетті.Ұстаздарға алғыс айтамыз.









Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено