«Айналаңды нұрландыр»
18.05.2019«Лицей күні» мерекесіне орай, 3-ші сынып жетекшілері ата-аналармен бірлесе мектеп маңындағы аумақты тазартып, ағаш отырғызып көріктендіру жұмыстарын атқарды. Іс-шара жоспары өте жақсы құрылған. Әр сыныптың жетекшісіне участік бекітіліп, жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Қажетті құралдармен жабдықталған сынып жетекшілері ата-аналарымен қуана-қуана қоқыстарды жинап, өткен жылғы жапырақтар мен шөптерді жинап, ағаштар мен бұталардың ескі бұтақтарын кесті, кесілген бұтақтарын жинады. Ортақ күшпен аз уақыт ішінде бөлінген аумақ тазарып, әдемі болып шықты. Бұл ата-ана мен ұстаздарды, оқушыларды ұйымшыл етуге тамаша мүмкіндік болды. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелейтін осындай іс-шараны ұйымдастырған 3-ші сынып жетекшілері Омаршаева Нағима, Қабыкеева Үкіжан, Сапахова Динара, Кигай Армангүл, Мамекова Гүлмира сынды ұстаздарға алғысымыз шексіз.


Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
