ұр-Сұлтан қаласы № 57 орта мектебінде 18 мамыр күні "Әке шаңырақ иесі, ана-отбасының ұйытқысы", "Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы" - дегендей "Әкелер слеті" өтті
18.05.2019Нұр-Сұлтан қаласы № 57 орта мектебінде 18 мамыр күні "Әке шаңырақ иесі, ана-отбасының ұйытқысы", "Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы" - дегендей "Әкелер слеті" өтті. Іс-шара барысында күрес залында әкелеріміздің күш жігерін тамашаладық. Спорт залда "Кім жігерлі?" арқан тартыс әкелер арасында және екінші қабаттың оң қапталында кадет сыныптарымен Қ.Р. Мемлекеттік күзет қызметінің ардагері, запастағы полковник Ахтамов Қамбар Қинаятұлы "Бала тәрбиесінің маңызы" атты сұхбат жүргізді. Жиналыс залының алдында әкелер қол өнерлерін балаларымен бірге көрсетті. Іс-шараның қорытындысында келген қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, мектеп директоры Ә.М.Әбітайқызы мектебіміздің үлгілі отбасыларын Алғыс хатпен марапаттады.




Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
