Халықаралық отбасы күніне арналған ата-аналар жиналысы

17.05.2019

15.05.2019 жылы №55 ОМ Халықаралық отбасы күніне арналған ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысының күн тәртібі бойынша 1.Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Казмуханбетова Жанат Талгатовна 2018-2019 оқу жылындағы бюджеттік қордың орындалуы жайында есеп берді. Ата-аналарға оқу-тәрбие жұмысы, әлеуметтік қызмет көрсету шаралары,мектеп бюджетінің пайдалы жүзеге асыру, мектеп шаруашылық саласындағы жолға қойылған жұмыстар төңірегінде толық есеп берді.
2. Екінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Аканова А.Д. оқушыларды ыстық тамақпен тамақтандыру мен киім кешекпен қамтамасыз ету жайлы толық мәлімет беріп шықты.Алдағы уақытта қандай отбасылар мемлекеттік көмек ала алатындығын ата-аналарға түсіндірді.
3.Үшінші мәселе бойынша директордың оқу ісі орынбасары Ибраева Н.К. білім сапасының артып келе жатқандығын, ҰБТ,білім мазмұнын жаңарту бойынша ата-аналарға толық мәлімет берді.Оқушылар мен мұғалімдердің оқу жүйесіндегі жеткен жетістіктерін атап шықты.Бітіруші түлектердің мектеп бітіру кеші жайлы мәлімдеді.
Директордың тәрбие ісінің орынбасары Шулбаева Алия Бейсекуловна мектеп оқушыларының тәрбие жүйесінде мектепшілік,қалалық,республикалық түрлі іс-шараларға оқушылардың белсене қатысып, жылдан жылға өздерінің бойындағы таланты мен дарындылықтарын шыңдалып келе жатқанын мақтанышпен айтты.
4.Бесінші мәселе бойынша ата-аналарға қажетті видео-ролик көрсетілді.
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено