"Ардагерге арнау" Оқушы шығармашылығы

17.05.2019

№55 орта мектептің 8 сынып оқушысы Өркенқызы Аяулымның "Ардагерге арнау" атты өлең шумағы Ұлы Отан соғысы ардагері 94 жастағы Сейсебаев Жақан атамызға арналады.
07.05.2019

Қанды шайқас қайыстырды қабырғасын халықтың,
Қайран халқым, сұм соғыстан әбден - дағы жалықтың.
"Отан үшін отқа түсем!"- деген батыр балаңды,
Қайран ана, күте - күте қапа болдың, зарықтың.

Қара халық аспанына үйіріліп қара бұлт,
Қорқынышпен жүректегі қара аспанға қарадық.
Оқ борады қара аспаннан қаңтардағы қардай боп,
Ұлтымызды төңкеретін дауылға оны санадық .

Өз жастығын болашаққа қиған жандар қаншама,
Сондықтан сен бейбіт елден басқа нәрсе аңсама.
Жүрек мұздап, көңіл түсіп, дала гүлі солса да
Қиындықтар қанша болса, бақыт - шаттық соншама!

Сұм жылдардың сұмдығына мойынсұнбай, егескен,
Асылдарды ешқашан да шығармайық тек естен.
Сол жандардың арқасында елдік туы желбіреп,
Қазір міне, тереземіз өзге елдермен теңескен!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено