Ардагерге құрмет
17.05.2019Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Білім басқармасы басшысының орынбасары Жекебаев Дулат ағамен бірге біздің Жасұландықтар ардагер Сейсебаев Жақан атамызды құттықтауға барып қайтты. Жақан ата қазір 94жаста. Өте мықты ардагер екені көрініп тұр. Ардагердің ұзақ өмір сүруі үшін өз рецепті бар: дұрыс тамақтану - денсаулық, қарым-қатынас - жаңа энергиямен толтыру, қозғалыс - өмірдің өзі. Өзіне деген талаптылығымен, қарапайымдылығымен Сейсебаев Жақан ата біздің ұрпаққа үлгі болып табылады. Жасұландықтар ардагерге сұрақ қоя отырып естігенім бір басқа ,оқығаным бір басқа деп ардагердің барлық айтқан әңгімесін зер салып тыңдай білді. Оқушыларымыздың бірі 8сынып оқушысы Өркенқызы Аяулым "Ардагерге арнау" атты жүрекжарды туындысын тарту етті.
Біздің ардагерлеріміз - біздің мақтанышымыз, олар біздің халқымызға ұзақ уақыт қызмет етті, біздің құрылым - қиын жолдардың бірі, бірақ олар осы жолдан өтті. «Мәңгілік өмір сүр, мәңгілік үйрен»деп бекер айтылмаған, бізге ардагерлерден үйренетін нәрсе көп.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
