2018-2019 оқу жылындағы бюджеттің орындалуы туралы есеп
16.05.2019Бүгінгі «Халықаралық отбасы күні» мерекесі құтты болсын! Отбасындағы асыл ойды салмақтаған, шаңырақтың керегесі кең, мықты болуын, ойлаған ата-аналарымыз аман болсын! Ананың жүрегінен жылулық әрбір баланың жүзінен күлкі кетпесін! Мемлекет басшысының Жарлығымен белгіленген «Отбасы күні», «Отанға деген ыстық сезім жақындарыңа, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады,» – деп, отбасының маңызын атап көрсеткен . Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда адамгершілікпен ізгіліктің негізі қаланады. Отбасының ең басты құндылығы – күнделікті өмірінен білініп жүрген патриоттық сезімі, үлкендерді құрметтеумен байланысты және бала тәрбиесінде, оқуда, еңбекте көрсетілген рухани-өнеге негіздерін ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыруы. Балаларын қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке – шешенің ең маңызды міндеті. Қазақта «Отан — отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Шынында да, Отаннан кейінгі қасиетті ұғым отбасы болса керек. Отбасы деген киелі сөзге құрметпен қарайық.
Бүгінгі күн тәртібіндегі 1 ші мәселе: 2019 жылғы мектеп-гимназия бюджетінің игерілуі.
ҚР білім беру жүйесінде жан басына шаққандағы қаржыландыру 2009 ж. бастап батыл түрде енгізіле бастады. Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде анықталатын білім беру процесіне және білім беру ортасына арналған шығыстарды қаржыландыру болып есептеледі.
Орта білім беруді жан басына қаржыландыруға өткізу - Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында қарастырылған. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев: Қазақстандық мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыру қағидасын енгізу арқылы әкімшілік шығындарды қысқартып, мұғалімдердің жалақыларын арттыру күтілуде, деп айтқан болатын.
2018-2019 оқу жылынан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы 74 мектеп жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға ауысты.
Бүгінгі күнде мектеп-гимназияда 320 орындық асхана, 300 орындық мәжіліс залы, медбике бөлмесі, заман талабына сай жабдықталған кітапхана, 1 ағаш өңдеу және 1 темір өңдеу, 1 тігін шеберханасы, 1 аспаздық бөлме, 2 спортзалмен қамтылған. Мектепте 51 оқу кабинеттері мен 3 зертхана жұмыс істейді. Мұнда физика, биология кабинеттері арнайы интерактивті тақтамен жабдықталған. 2 информатика, 1 математика,1 география кабинеттері толығымен жабдықталып жұмыс істеуде. Олардың әрқайсысы 16 компьютер, интерактивті тақта, микрофон, бейнекамерамен жабдықталған, Мектеп кітапханасы 6 компьютермен қамтылған. Жалпы мектепте 148 компьютерлік техника бар. Олар: 95 дербес компьютер, 15 ноутбук, 38 моноблок. Сонымен қатар мектепте 12 интерактивті тақта, 2 экран, 2 проектор, 1 цифрлік подиум және 17 принтер бар.
Биылғы 2019 оқу жылына бюджеттен 549 885 000 теңге қаражат қарастырылды.
Соның ішінде Мектеп ағымындағы жөндеу жұмыстарына-22 263 000 теңге, оқушылардың қауіпсіздігін сақтау күзетіне-1 260 000 теңге қаражат бөлінді.
111-113Еңбекақы қоры, қосымша ақшалай төлемдер | 2019 оқу жылы |
Еңбекақы қоры | 366 543 000 |
149 Өзге заттарды сатып алу Кеңсе заттары;-Тазалауға арналған жуғыш заттар;- Кітапхана қорын толықтыру; - Құрылыс материалдары | 14 000 000 |
151 коммуналдық қызметтерге ақы төлеу Коммуналдық, байланыс, жылу және жарықтандыру төлемдері | 16 357 000 |
152 коммуналдық қызметтерге ақы төлеу Интернет,байланыс қызметтері | 4 209 000 |
159 өзгеде қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу | 167 739 000 |
163 азқамтылған отбасыларының жалпы қоры | 4 550 000 |
414 – Машиналар , жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу | 35 011 000 |
Бүгінгі таңда білім беру мекемелерінің алдында өз бетінше іздене алатын, өзіне қажетті білімді өз бетінше ала алатын тұлға тәрбиелеу міндеті тұр, бұл міндетті жүзеге асыруда оқыту технологияларының алатын орны ерекше. Білім беру үрдісіне оқытудың ақпараттық коммуникативті технологиясын енгізу жұмыстары қолға алынып, қарқынды жүргізіле бастады.
Мектебімізде оқушылардың заман талабына сай жан-жақты білім алуына жағдайлар қарастырылып жасалуда. Мектептің материалдық-техникалық базасына көп назар аударылып,күшейтілуде. Әр қабаттар мен асханаға арнайы тазартылған ауызсу бұрқақтары орнатылды. Бастауыш сынып оқушылары жеке сырт киімдерін ілуге арналған шкафтармен жабдықталды.
Дәліздерге арнайы гүлдер алынды. №402 кабинет STEAM лабораториясымен және робототехниканың Lego EV3, АРДУИНО роботтарымен, 3D форматтағы принтерлер алынып, кабинет толық жабдықталды. №109, №222, №317, № 302 оқу кабинеттеріне интербелсенді тақта комплектілерімен, 3 принтер, 19 моноблок, 10 дана флипчарт тақталар,1 бейнекамера, кітапханаға оқулықтарды жинауға арнайы стеллаждар, іс-құжат жүргізу кабинетіне құлыптанатын темір шкаф, есепшілер кабинетіне 1 термопринтер алынды. Апаттық есіктерге дабылқаққыштар орнатылды. Денешынықтыру бірлестігіне қабырға стенттерімен спорттық құрал жабдықтармен қамтылды. Мектептің әр қабаттарына, асхана, гардеробқа 36 дана және мектеп алаңына 17 дана бейнебақылау орнатылды.
Мектеп ғимаратында бүкіларалық желіге қол жеткізу көздері барлық қабаттармен кабинеттерге қойылды.
Олар: «Мектеп интернеті» бағдарламасы бойынша жылдамдығы 80Мб/с. Бүгінгі күнде 1 компьютерге 1-11 сыныптар арасында 18 оқушыдан келетін болса, 5-11 сыныптар арасында 10 оқушыдан келеді. Мектеп оқушыларының 40% жекеше компьютерлері бар және интернет желісіне қол жетімді, ал мұғалімдердің 100% жекеше компьютерлері бар және оның 85% интернет желісіне қол жеткізіп отыр
2 мәселе бойынша: Көпбалалы және аз қамтылған оқушылардың әлеуметтік көмекпен қамтылуы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 13 шілдедегі №3-15-3\2530-И хатына сәйкес және Астана қаласы Білім басқармасының 2018 жылғы 24 шілдедегі №415 бұйрығын негізге ала отырып, №52 мектеп-гимназиясында тамыз, қыркүйек айында 5-17 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.
Мектеп-гимназиясының шағын ауданына қарасты Оңтүстік Шығыс тұрғын үйлерінде тұратын жетім, көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың тізімі жасалынды.
Қазіргі таңда №52 мектеп-гимназиясында – 2258+30= 2288 оқушы білім алады. Соның ішінде ҚР Баланың құқықтары туралы Заңының 27 бабына сәйкес қамқорлыққа алынған жетім балалардың саны – 4. (Олар: Пернебекова Айғаным, Мысыр Ыдырыс, Ерахмет Қадірбек, Махсуд Аллаберген.)
Алдағы уақытта бұл оқушылар жазғы демалыс кезеңінде жазғы сауықтыру лагерлеріне тегін жолдама алатын болады, сауықтыру лагеріне -340 000 теңге бөлінді. Азқамтылған отбасыларынан 29 балаға киім-кешек, оқу құралдарына-3 465 000 теңге және ыстық тамаққа-745 000 теңге бөлінді.
Биылғы 2018-2019 оқу жылының қыркүйек айында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы барысында Жалпыға міндетті оқу қорынан бөлінген 1 342 000 теңгеге барлық жетім балалар мен аз қамтылған отбасы балаларына спорттық киімдер, оқу-құралдары, мектеп формасы берілді. Ал желтоқсан айында осы оқушылар 960 000 теңгеге қысқы киім-кешекпен қамтамасыз етілді. (яғни қыстық куртка, етіктер берілді)
Қаңтар айының онынан ақпанның онына дейін мектепте «Қамқорлық» акциясы болып өтті. Ата-аналар мен ұстаздардың қатысуымен күн көрісі төмен балаларға демеушілік көмек жасалды.
Күн көріс жағдайы төмен 5 оқушыны мектеп асханасын жалға алушы ЖК «Наурзбаева» демеушілік көмек ретінде тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етеді және бүгінгі күнге дейін 18 аз қамтылған отбасыға көмек беріп отыр.
Аталған жетім, аз қамтылған оқушылар қыркүйек айынан бастап тегін ыстық тамақпен және ай сайын Білім басқармасынан тегін жолақы билетімен қамтамаcыз етілген.
Көп балалы, тұрмысы аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар саны – 94. Тұрмысы аз қамтылған оқушылардың күнкөріс деңгейін анықтау үшін статистикалық комитетінің деректеріне жүгініп, анықтаймыз. Статистика комитетінің деректеріне сәйкес Астана қаласында 2019 жылдың І тоқсанында күнкөріс деңгейі- 30 997 теңгені құрайды.
2019 оқу жылына бюджет қаражатының 1 пайызы жалпыға міндетті оқу қорына бөлінеді. Яғни алғашқы тізімдегі 29 оқушыға 4 550 мың теңге бөлінді. Биылғы қаңтар айынан бастап құжат өткізген 39 оқушыға 7 770 мың қаржыға сұраныс берілді. Тізімге жаңадан енген 32 оқушыға тағы да қаржы сұрастырылып отыр. Осы бөлінген қаражатты беруді алдағы тамыз-қыркүйек айларына жоспарлап отырмыз.
№52 мектеп-гимназиясында білім алатын жетім, аз қамтылған отбасы оқушыларына көрсетілетін қаржылай және заттай көмек ҚР үкіметінің 25.01.2008 жылғы №64 қаулысымен сәйкес ұйымдастырылады.
№64, №255 Үкімет қаулысына сәйкес материалдық көмек көрсету шартымен, №198 мемлекеттік қызметтерге келесі категориялар жатады:
- Жетім балалар
- Аз қамтылған, Атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар
- Табысы күнкөріс минимумынан төмен табыс алатын отбасылардан шыққан балалар
- Төтенше жағдайдағы отбасылардағы балалар
Тұрмысы аз қамтылғандар үшін тапсыратын құжаттар:
- Жұмыс орнынан жалақысы туралы анықтама;
- АӘК анықтамасы-әлеуметтік жәрдемақы алатыны туралы;
- ХҚК-ден зейнетақысы туралы анықтама;
- Көп балалы ана куәлігінің көшірмесі;
- Балалардың куәлігінің көшірмесі;
- Ата-анасының куәлігінің көшірмесі;
- Неке қағазының көшірмесі;
- Мекен-жай анықтамасы.
Қазіргі таңда мектепте көп балалы отбасы саны-438, оның ішінде №52 мектеп-гимназиясында оқитын бала саны-1188.
Көп балалыларға берілетін көмек жан басына шаққандағы табыс мөлшерімен есептеледі. Ал жан басына шаққандағы табыс отбасындағы барлық мүшелерінің табысын қосып, отбасы мүшелерінің санына бөлген кезде шығады. Кедейлік шегінен төмен болған жағдайда отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы. Сәуір айынан бастап кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызын құрайды немесе 20 789 теңге. Атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін көп балалы болу міндетті емес. Екі, үш баласы бар отбасы осы талапқа сай болса, атаулы әлеуметтік көмекті ала алады.
ҚР Білім туралы заңының 6-бап. 3 тармақ. 11-тармақша. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
3 мәселе : Тамақтануды ұйымдастыру
1-4 сынып оқушыларына ыстық тамаққа -55 475 764 теңге бөлінді.
Мектепте тамақтану мәселесімен айналысатын жеке кәсіпкер «Наурзбаева». Тамақтарды тасымалдау, даярлау кезінде белгіленген санитарлық – гигиеналық сақтауға асхана жалшысы және аспаз жауап береді.
Тағам саласындағы жұмыскерлермен санитарлық сауаттылықпен жеке бастың гигиенасын сақтау туралы жұмысты үнемі жүргізіп отыру мектеп медбикесі С.Шакенова қадағалауында болады.
Күн сайынғы ас мәзіріне мектеп директорының қолы қойылып, тексеріліп отырады. Мектеп медбикесі бас аспаздардың әзірлеген тамақтың сапасын, дәмін тексеріп, қадағалап отырады. Оқу жылының басынан бүгінгі күнге дейін тамақтан уланған және басқа да жағдайлар орын алған жоқ. Мектеп асханасын санитарлық-эпидемиологиялық станциясы мен білім басқармасынан тексеру жұмыстары жүргізіліп отырады және мектеп асханасында бейнебақылау қойылған.
4 50 550 000
№ р/н | 163 азқамтылған отбасыларының жалпы қоры | 2019 оқу жылы |
1 | Киім-кешекке | 3 465 000 |
2 | Ыстық тамаққа | 745 000 |
3 | 4 жетім балаға сауықтыру лагеріне | 340 000 |
| Барлығы: | 4 550 000
|
№ | 149 Өзге заттарды сатып алу | 2019 ж |
1 | А4 форматтағы ақ және түрлі түсті қағаздар | 1 782 280 |
2 | Стикер, скоч, маркер, файл, скоба, дыракол, құжаттар салатын қораптар, желім, грамоталар | 1 751 685 |
3 | Гүл бағын күту жұмыстарына(универсалды грунт, гүл өсіретін құмыра, гүлдер) | 1 193 900 |
4 | Шаруашылық заттар(кафель, смеситель, шланг для смесителей, армстронг, техникалық тұз) | 1 121 500 |
5 | Шаруашылық тазалағыш ұнтақта, әйнек жуатын тазалағыш сұйықтықтар, қол жуатын сұйық сабын | 775 000 |
6 | Ағылшын тіліндегі кітаптар | 762 000 |
7 | Хлор, қол сүртетін, дәретхана қағаздары | 677 000 |
8 | Технология кабинетіне қажетті тұрмыстық заттар (қыз балалар кабинетіне) | 663 000 |
9 | Шаруашылық маталар (резеңке және жұмыс қолғаптары) | 566 000 |
10 | Штемпельная краск, смайлики | 504 000 |
11 | Светоотражающие брелки | 240 000 |
12 | Клавиатура және тінтуір комплекті | 240 000 |
№ р/н | 159 өзгеде қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу | 2019 оқу жылы |
1 | 1-4 сыныптарды ыстық тамақпен қамтуға | 55 475 764 |
2 | Мектеп ағымындағы жөндеу жұмыстарына | 22 263 000 |
3 | Өрт дабылқаққыштарын жөндеу | 3 248 000 |
4 | Оқушыларға арналған парталар | 3 240 000 |
5 | Балалардың қауіпсіздігін сақтау күзетіне | 1 260 000 |
6 | Интербелсенді тақталарды жөндеу | 721 000 |
7 | Антипаника | 706 100 |
8 | Мәжіліс залындағы орындықтарды қалпына келтіру | 600 000 |
9 | Заң қызметтері | 540 000 |
10 | Желдеткіштер мен ауыз су бұрқақтарына қызмет көрсету | 520 000 |
11 | Мектеп сайты, сабақ.кz, біліммедиа,камал сайттарының қызмет көрсетуі | 465 315 |
12 | Объектіні антитеррорлық қорғау және паспортын дайындау қызметі, оқумен қосқанда | 400 000 |
13 | Дезинфекция | 300 000 |
14 | Қоқыс шығару | 252 000 |
15 | Жылу жүйесін тазалау және қысым сынағы | 230 000 |
16 | Апаттық жағдайда қызмет көрсету | 229 000 |
17 | Өрт дабылқаққыштары | 214 080 |
18 | Термиялық өлшеу жүйесіне техникалық қызмет көрсету | 200 00 |
19 | Видеоконференция байланысын ұсыну қызметі | 195 000 |
№ | 414- Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық құралдарын сатып алу | 2019-2019 ж |
1 | Жарық үнемдейтін жарықдиодты шамдар | 18 249 400 |
2 | Моноблок, ноутбук | 8 493 200 |
3 | Химия кабинеті | 8 052 360 |
4 | Сырт киімдерін ілуге арналған металл шкафтар | 6 000 000 |
5 | Интербелсенді тақта, сенсорлы стол, глобус(география) | 5 302 500 |
6 | STEM кабинеті | 4 745 000 |
7 | WI-FI нүктелері | 3 985 000 |
8 | Асханадағы элетр құрал-жабдықтарын(электро қазандық, ас пісіретін әр түрлі электро плиталар, тоңазытқыш, ыдыс жуатын машина) жаңа үлгіде жабдықтау | 3 652 000 |
9 | Дәліздерге арналған былғары дивандар, орындықтар | 2 972 000 |
10 | Турникет | 1 493 000 |
11 | Қобыз, домбыра | 1 140 000 |
12 | Мәжіліс залына президиум стол, трибуна | 945 000 |
13 | Спорттық құрал жабдықтармен жабдықтау, жүгіру жолына резеңке төсеніш төсеу, теннис столы | 862 000 |
14 | Терминал, термопринтер, принтерлер | 766 000 |
15 | Ауыз су бұрқақтары | 700 000 |
16 | Кітапханаға металл сөрелер | 428 831 |
17 | Мектеп алаңына металл орындықтар | 347 200 |
18 | Технология кабинетіне тігін машина, үтік, (қыз балалар кабинетіне) | 245 950 |
19 | Өрт сөндіргіш құралдар | 243 750 |
20 | Герб латынша | 240 800 |
21 | Әуе винтовка | 97 660 |
22 | Бейнекамера | 84 990 |
23 | Іс-құжат жүргізу кабинетіне құлыптанатын темір шкаф | 50 900 |
24 | Қабырға тесуге арналған құрылғы | 21 541 |
Алдағы 2019-2022 оқу жылдарына мектептің стратегиялық SMART мақсат пен міндеттері айқындалып, жоспар құрылды. Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін үкімет тарапынан қаржы бөлініп, нақты мақсатқа жұмсауға қарастырылды.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
