Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицейінде 8-мамыр күні Ұлы Отан соғысының 74 жылдығы мерекесіне арналған бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.
11.05.2019Нұр-Сұлтан қаласы №38 мектеп-лицейінде 8-мамыр күні Ұлы Отан соғысының 74 жылдығы мерекесіне арналған бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.
Бастауыш 1-4 сыныптар «Естелік сағаты» тақырыбында майданда қаза тапқан жауынгер батырлар туралы видеороликтер көріп, естелік әңгімелер тыңдап, өлең-жырларын оқыды.
5-11 сыныптарда алдын-ала жоспар бойынша бекітілген «Мәңгілік ұлықталар Ұлы Жеңіс», «Жалынды жылдар жаңғырығы» тақырыптарында Ұлы Отан соғысының 74 жылдығы мерекесіне арналған бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылар тәрбие сағаты барысында Ұлы Отан соғысы туралы мағұлмат ала отырып, Ұлы Жеңіске жеткізген жерлес жауынгерлердің ерлігін, батырлығын, Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандығын баяндады. Жеңіске жетуге үлес қосқан өзге ұлт өкілдерінің де ерлігі айтылып, оқушылар тарих сабағында алған білімдері мен деректі фильмдерде көрген мәліметтерімен бөлісті./WhatsApp%20Image%202019-05-08%20at%2013.47.23.jpeg)
/WhatsApp%20Image%202019-05-08%20at%2014.01.07.jpeg)
/WhatsApp%20Image%202019-05-08%20at%2014.40.58.jpeg)
Назарларыңызға рахмет!
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
