Теміржол - қауіпті аймақ

02.05.2019

Нұр-Сұлтан қаласы   № 48  мектеп-лицейдің 5-7 сынып оқушыларына балалар мен ересектердің теміржолдар арқылы қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мәселесі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін  Қазақстан Темір Жолы «ҰК» филиалы - «Магистральді желі дирекциясы»- инфрақұрылым қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары  Қазбек Жарылғасын Шәріпұлы Оспанов пен электрмен жабдықтау дистансасы бастығының орынбасары Ускенбаев Адиль Абдибекович келді. Мектеп оқушыларына теміржол бойы қауіпті аймақ екенін, теміржолды тек арнайы белгіленген жерлерден, теміржол нысандарын тиісті емес орындардан кесіп өтуге, вагондардың маңынан жүруге болмайды, рельстарда тұруға және отыруға тыйым салынғаны жайлы түсіндірді. Іс-шараның мақсаты теміржол нысандарында, теміржол қиылыстары мен өтпелерінде бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Теміржол бойында орналасқан шағын елді мекендер мен бекеттерде мектеп жасындағы және кішкене балалар теміржол маңына ойнайтындығынан, теміржолдан өтемін деп түрлі дене жарақаттарын алып, бақытсыздыққа душар болуда екен. Пойыз ұзақта келе жатса да сигнал беріп жүреді. Сондықтан дыбысқа мән берген жөн. Асықпаған жөн. «Асыққан етегіне сүрінер» дейді халқымыз. Ал оқыс оқиғаның көбі асығудан болады. Теміржол қызметкерлері  теміржолдың жоғары қауіптің көзі екенін еске салады және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено