АТА-АНАЛАР ПЕДУНИВЕРСИТЕТІ

27.04.2019

Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте оқу-тәрбие жұмысы бойынша ата-аналармен кездесу шаралары жиі өткізіліп тұрады. Бүгін де мектебімізде сенбі күнін тиімді пайдалану мақсатымен ата-аналарымыздың пән мұғалімдермен, сынып жетекшілермен, мектеп әкімшілігімен кездесулеріне және мектеп формасының түрлі үлгілерімен танысуларына мүмкіндік жасалды. Отандық жеткізушілер тарапынан көрсетілген оқушы формасының түрлері ата-аналардың қызығушылықтарын туғызды. Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалғандықтан, баласының қай деңгейде тұрғанын біліп, жұмыстарымен танысып, ата-ана тарапынан баласына қолдау жасау үшін ұйымдастырылған бүгінгі шараға біршама ата-ана жиналды. Мәселен, ата-аналар бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ағылшын, орыс тілі сияқты пәндер бойынша пән мұғалімдерінен көбірек сұрақтарына жауап алса, орта және жоғары буындарда барлық пән мұғалімдерінен баласының қай деңгейде тұрғанын білуге сұраныс көп болды. Ең бастысы, ата-ана баласы үшін, мұғалім шәкірті үшін өз тараптарынан жасалып жатқан жұмыстарымен бөлісіп, оқушы мүмкіндігін бұдан әрі жақсартуға екі жақты жұмыс жүргізуге жағдай жасалды деп айта аламыз.






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено