Бүгін 4 мамыр күні мектебімізде «Өз далаңды асқақтатып, тауларды аласартпа!» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

04.05.2019

Әдеби кешті ҚР еңбек сіңірген қайраткері, еліміздің мәдени және саяси өмірінде кеңінен танымал тұлға, «Невада - Семей» қозғалысының ардагері,Олжас Сулейменовтың кеңесшісі Хамит Исаұлы Мамбетов өткізді. Бағдарламада қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев және Ыбырай Алтынсарин, Махамбет Өтемісұлы,орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкин, сондай-ақ, Олжас Сүлейменовтың шығармалары орындалды.Кеш барысында Хамит Мамбетов Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», Шәмшінің «Арыс жағасында» әндерін жанды дауыспен орындап, Мұқағали Мақатаевтың, Олжас Сүлейменовтың, Александр Пушкиннің өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.
Бұл кеш өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беріп, патриоттық тәрбиенің қалыптасуына ықпал етті деп ойлаймыз.








Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено