Ауған соғысының интернационалист-жауынгері Абдрахманов Қазбек Үкібайұлының құрметіне арналған ескерткіш бұрышының ашылуы салтанатты түрде өткізілді

04.05.2019

4 мамыр куні  Нұр-Сұлтан қаласының  №3 мектеп-гимназиясында Ауған соғысының интернационалист-жауынгері Абдрахманов Қазбек Үкібайұлының құрметіне арналған ескерткіш бұрышының ашылуы салтанатты  түрде өткізілді.Бұл іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының қорғаныс істері департаментінің өкілдері, қаруластары, сыныптастары, мектеп ұстаздары, «Ауған жауынгерлері» клубының мүшелері, Абдрахманов Қазбек Үкібайұлының жақын туыстары қатысты. Ескерткіш тақтасының ашылу салтанатының жоғары деңгейде өтуіне №13 орта мектебінің арнайы мамандандырылған «Жас сарбаз» кадет сыныптарының оқушылары, армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері ат салысты. Іс – шара соңында қонақтар мен мектеп оқушылары  мектеп ғимаратындағы ескерткіш бұрышының ашылу рәсіміне қатысты.



















































Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено