Құттықтаймыз!!!

21.04.2019

         Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқарамасының ұйымдастыруымен наурыз айының 8-12 жұлдызы аралығында балалар мен жасөспірімдер арасында «Шаттық-2019» 13-ші ашық шығармашылық қалалық байқауы өтті.

Нұр-Сұлтан қаласының мектеп, лицей, гимназия, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушылары қатысқан шараның қорытындысы 23 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық концерт залында гала-концертпен шығарылып, жүлдегерлер мерейтойлық алтын мүсіндермен және өзге де сыйлықтармен марапатталды.

Байқауға мектебімізден 14 – 18 жас аралығындағы өнерпаз оқушыларымыз қатысты. Мектеп оқушылары эстрадалық ансамбль  номинациясы бойынша «Астанаға арнау» әнімен «Алтын» мүсін иегері және халық ансамбль номинациясы бойынша «Бір бала» әнімен «Күміс» мүсін иегері атанды. Сонымен қатар, эстрадалық ән жеке орындау номинациясы бойынша қатысқан 9 «А» сынып оқушысы Байтоқ Маржан және классикалық аспап номинациясы бойынша байқауға қатысқан 8 «Ә» сынып оқушысы Елеусинова Аружан, жеке орындау халық аспап номинациясы бойынша домбыраның құлағында ойнаған Бухатов Бекзат дипломдармен марапаталды.

          Байқау қатысушылар дарынын ашып, орындаушылық шеберлігін шыңдайды. «Зерде» мектебінің өнерпаз оқушылары тек оқуда емес, шығармашылық өнер жолында да белсенді екендерін тағы бір дәлелдеді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено