«Бастауыш сынып оқушыларында критериалды бағалау моделін қалыптастыру жолдары» атты қалалық семинар

18.04.2019

2019 жылдың 18 сәуір күні кешенімізде серіктес №33, №69, №27 мектептер араларында тәжірибиемен алмасу және мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында «Бастауыш сынып оқушыларында критериалды бағалау моделін қалыптастыру жолдары» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.Семинарға Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының келісімімен қала мектептерінен педагогтар шақырылды. Кешен тынысымен танысып болған соң, Республикалық авторлық 3D бағдарламасының авторы Сугирбекова А.И. «Электрондық оқулық жасау» атты шеберлік сынып және кешен тренері Рахметова Н.Е. «Бастауыш сыныптарда критериалды бағалаудың ерекшелігі неде?» атты коучинг өткізді. Келген қонақтарымыз «Ұстаздық еткен жалықпас,,,» атты әдістемелік жинақ кітапшалар,авторлық жұмыстар,3D оқулықтар көрмесі мен «Табиғатты аяла..» оқушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарымен жасаған шығармашылық жұмыстарының презентациясын тамашалады. Семинар жалғасын серіктес мектептерден келген ұстаздарымыздың десанттық сабақтарына қатысуымен жалғасты. Семинар қорытындысы барысында Бекмагамбетова Г.Т. жүргізуімен «Ашық микрофон» кері байланыс жасау сәтінде десанттық сабақтар жүргізілу барысы, орын алған өзгешеліктер жайында, жалпы семинар барысында жеткен жетістіктер мен ойға түйген пікірлер ортаға салынды. Десанттық сабақтарын өткізген серіктес мектептерден келген ұстаздар кешенімізден тәрбие мен білім алып отырған оқушыларымыздың сабаққа деген ынтасы мен белсенділіктері үшін алғысын айтты. Кешеніміздің директордың орынбасары Серикбаева С.К. семинарда белсенділікпен өз еңбектерін жария ете білген ұстаздарымызды марапаттап, сертификаттар табыстады.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено