«Шаттық» өнер және шығармашылық конкурсы ұйымдастырылды.
10.04.20199-10.04.2019 күндері аралығында Астана қаласының Білім басқармасы, М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы, Астана қаласының Әкімдігінің оқушылар сарайы, №1, №2, №3 балалар музыка мектептері, №1, №2 Өнер мектептері, техникалық шығармашылық орталығы және балалар көркем мектебі «Шаттық» өнер және шығармашылық конкурсын ұйымдастырды. Онда музыкадан, хореография, театр, сәндік-қолданбалы өнер саласынын конкурстар өтті. Конкурстың мақсаты мен міндеттері шығармашылық ұжымдардың сапалы нәтижелерін анықтау, шығармашылық әлеуетті дамыту, кәсіби біліктілікті жоғарлату, қосымша білім беру ұстаздары арасында шығармашылық тәжірибе алмастыру, қолданбалы шеберліктің орындаушылық деңгейін жоғарлату, оқушылыр мен ұстаздарды заманауи материалдармен және авторлық технологиялармен танысиыру, ерекше ойлар іздестіруге ынталандыру, балалар мен жасөспірімдерге өз даралықтары мен дағдыларын танытуға мүмкіндік беру. Байқау бағдарламасына Астана қаласы мектеп, гимназия, лицей және кәсіптік білім беру мекемелерінің 8-ден 15 жасқа дейін және одан жоғары жас аралығындағы балалар мен жастар шығармашылық ұжымдарының орындаушылары қатыса алды. Осы конкурста Астана қаласы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медальдарымен 2 дипломмен марапатталды. Атап айтсақ «Балдәурен» хоры алтын медаль алды жетекшісі Жұмашев Амантай Жұмашұлы. «Інжу» би ансамблі жетекшісі Тоғызбаева Юлия Анатольевна және Вокалдан эстрадалық ән орындауымен Тәуірше Аружан жетекшісі Бекмағанбетова Гүлжан Алпысбайқызы күміс медальмен марапатталды. Фотосуреттен Қайратов Мирас жетекшісі Омаров Мақсат Манарбекұлы және «Шаттық» ұлт аспаптар ансамблі жетекшісі Абенова Жайнагүл Қапшатқызы қола медальмен марапатталды. «Нұр» балалар театры жетекшісі Ембергенов Бақытжан Сәбитұлы және бейнелеу өнерінен Сейдахметұлы Ердос жетекшісі Қауыпбаева Ғалия Сейітқызы дипломмен марапатталды. Осы жұлдаздарды жүлдесімен құттықтай отырып оларға сәттілік тілейміз
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено





