Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу
21.02.2019

2019ж. 21 ақпан күні мектебімізде «Ауғанстан соғысы: шындық, тарих, тағылым» тақырыбында ауған соғыс ардагерлерімен кездесу іс-шарасы өткізілді.
Кездесуге Елубаев Кайрат Мендыбаевич,
Жайдаров Кабдыуахит Кабуллинович,
Солтанбеков Талғат Кадырбекович, Ахметов Нурлан Тлектесович,
Кравцова Лидия Александровна -ауған соғыс ардагері А.А.Кравцовтың туған қарындасы.
Кездесуді мектеп директоры Б. Жаркенов ашып, келген қонақтармен таныстырды.


Іс-шарада біздің мектептің бес түлектері туралы айтылып, ауған соғысында қаза болған ардагерлер туралы фильм, слайдтар көрсетіліп, өлең жолдарын оқылды. Музыка пәнінің мұғалімдері Бержан Елікжан және Ұлжан Мейрбекқызы залдағы көрермендерді өз әндерімен толғандырды.
10 сынып оқушылары «Ұрыстағы үшеуі» тақырыбында шағын қойылым көрсетілді.
Келген қонақтар оқушылар қойған сұрақтарға жауап бере отырып, оқушыларды елін, жерін сүюге, патриоттық сезімде болуға шақырды. «Ауғанстан соғысы» туралы видеохроникадан кейін А. Кравцовтың үлкен әпкесі Александардың басыннан кешкен оқиғаларды айтып, көзіне жас алды.
Концерттің соңы 1 қабатта өткен салтанатты саптүзеумен жалғасты. Саптүзеуде 11 сынып оқушысы Алина Бекмурзинова қабырғада орнатылған мемориалдық тақтадағы Ауған ардагерлерінің ерліктері туралы айтып өтті. Ардагерлерді еске алуға 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Іс-шара соңында ауған ардагерлері, мұғалімдер және оқушылар ардагерлердің мемориалдық тақтадасына гүл шоғын қойды.
Оқушылар ауған соғыс ардагерлерін ерліктеріне әрдайым бас иіп, үлгі тұтындарын айтты.






Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
