«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
15.02.2019Тәрбие сағаттың мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және әлімжеттікке қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармау, бойларындағы адами қасиеттерін сақтауға, әдепті де тәртіпті тұлға болып өсуге тәрбиелеу. 
Тәрбие сағаты барысында ,ең алдымен, оқушылар «Ғасыр дерті дегеніміз не?» -деген сұраққа тоқталып, «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу - міндет» тақырыбында көрініс көрсетілді.
Темекі тартудың басты себептері, еліктеу, ересек болуға тырысу, өмірдегінің бәрін байқап көруге талпыну, әке-шешенің дұрыс тәрбие бермеуі жөнінде сахналық көрініс көрсетіліп, қойылымға байланысты оқушлар арасында диалог жүргізілді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсытында оқушыларға бейнематериал көрсетілді. Бейнематериалдан кейін биолог, дәрігер, психолог рөліндегі оқушылар көрермен оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Оқушылардың назарына әрі қарай нашақорлық, темекі, арақтың адам өміріне зияны жайында слайд ұсынылды.
Іс-шараның соңында оқушыларға психологиялық кеңес беру мақсатында өз ойларын ашық айту үшін «Сенім жәшігі» орнатылды. «Сенім жәшігіне» оқушылар тәрбие сағаттан алған әсерін, өзін мазалап жүрген сауалдарын жазып қалдырды.
5-сыныптардың модераторы: оқу ісінің орынбасары Ж.К.Бекенова
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
