Ғылыми жоба жеңімпазы

06.02.2019

№ 31 мектеп- гимназиясының  3 сынып оқушысы  Габбасова Анисат оқушылардың  ғылыми және шығармашылық  жобаларын  қорғау  сайысына қатысқан болатын.



Қалалық кезеңнен сүрінбей өтіп, республикалық деңгейде өз жұмысын қорғауға жолдама алды. Республикалық деңгейде өткен додада бақ сынасып, мектеп абыройын қорғап, жүлделі I орынды қанжығасына байлады.

Анисат мектебіміздің үлгілі, тәртіпті оқушыларының бірі ғана емес, өте шығармашыл тұлға. Өз жанынан шағын әңгімелер, өлеңдер жазады. Ғылыми жобасын  да этномәдениеттану  секциясы бойынша  «Журналист болғым келеді»  тақырыбында жазды. Арман алысқа апарады. Арманың орындалсын! Талабыңа нұр жаусын, кішкентай балапан! Біз оған сенімдіміз!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено