Мектебіміздегі ата-аналар жиналысы
04.01.20192019 жылдың 4 қантарында «№ 58 мектеп – гимназиясы» КММ Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен қалалық ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысты «№ 58 мектеп – гимназиясы» КММ директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Нугуманова Самал Ботаханқызы ашып, 2018 оқу жылында атқарылған жұмыстарымен таныстырып өтті. Одан кейін сөз алған тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Болат Дусимбекұлы Бимендин жартыжыл ішінде атқарылған тәрбие жұмыстарымен, оқушылардың жеткен жетістіктері туралы ата-аналарға есеп берді. ІІ тоқсан қортындысы бойынша оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Камалова Толқын Мұратқалиевна сөз сөйледі. Сонымен қатар, мектеп директоры мектеп бюджетімен және балалардың тамақтануы туралы айтты. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Жұлдыз Мейрамовна өзінің атқарған жұмысы туралы есеп берді.
Жиналыс соңы ата-аналардың толғындырған сұрақтарына жауап алуымен аяқталды. Ата-аналар жиналысы ынтымақтастық жағдайында өтті. Өз сұрақтарына толыққанды жауаптар алған ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға сәттілік тілеп тарқасты.





Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
