24.12.18 күні мектебімізге №82 "Дарын" мектебінің жас мамандары келіп, шеберлік сағатын өткізді.

25.12.2018

24.12.18 күні мектебімізге №82 "Дарын" мектебінің жас мамандары №38 мектеп-лицейінің жас мамандарына  шеберлік сағатын өткізді. Сабақ барысында химия, биология, физика пәндерінде және жоба жазуда  қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер көрсетілді. Қазіргі цифрлық ақпаратқа көшу заманы болғандықтан, оқытудағы инновациялық құрал ретінде тек смартфонды пайдаланып, сабақты қызықты әрі тиімді өткізудің жолдарын көрсетті. Осы әдістер арқылы мұғалім сабағын қызықты өткізіп қана қоймай, оқушыны бағалауда әділ әрі уақыты жағынан тиімді жұмыс жасай алатынын түсіндірді. Сабақ соңында мектеб3м3зд34 директоры Әзимбай Камила Кәрімбердіқызы №82 мектеп-лицей директоры Қасымбек Жамал Базарқұлқызына осындай пайдалы әрі саналы кездесу мен шеберлік сағаттарын ұйымдастырғанына өз алғысын білдірді.






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено