Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай бірыңғай мектепшілік тәрбие сағаты өтті

14.12.2018

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.Осы күнге орай, №4 мектеп-гимназиясында бірыңғай мектепшілік тәрбие сағаты өтті. Оқушылар Қазақ Халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша танысты. Осыған орай тәуелсіздігімізге арналған ашық сабағымызды еліміздің мемлекеттік әнұранымен бастадық. Сабаққа әртүрлі пән мұғалімдері қатысты. Мұғалімдер халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесін баяндады. Мектепшілік тәрбие сағатымыз «желтоқсан құрбандарына» арналған 1 минуттық тыныштықпен аяқталды.

 
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено