Қала мектептерінің ата-аналарына арналған коучинг

13.12.2018

Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп - гимназиясында 12.12.18ж сағат 18.00. қала мектептерінің ата - аналарына арналған "Критериалды бағалау дегеніміз не? тақырыпта коучинг өткізілді.Коучингтің мақсаты: ата - аналарға жаңартылған білім мазмұны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ҚБ және ЖБ мен ТБЖ туралы толық түсіндірме беріп, критерий арқылы бағалауды түсіндіру. Коучинг жаңартылған білім бағдарламасына көшкен сынып оқушыларының ата - аналарына өткізілді. Коучингке 12, 17, 35, 45, 46, 63, 67, 68 мектеп ата - аналары қатысты. Коучингке Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының маманы Алтынай Ибадуллаевна келіп қатысты. Коучингті №7 мектеп - гимназиясының тренерлері: Шаймерденова Б.К., Аюпова Ғ.Т., Ақжанова Н.А., Жантокова Г.Қ., Тойғанбаева А.Т., Москоленко О.Н. жүргізді. Коучингке 46 ата - ана қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып қайтты. Ата - аналармен жаңартылған білім мазмұны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Критериалды бағалау туралы білді. Келген ата - аналар жаңа бағалау жүйесін түсінгендіктерін айтып, балаларының әділ бағаланатындықтарына көздері жеткендіктерін айтып, мектеп тренерлеріне жылы лебіздерін білдірді. Коучинг жоғары деңгейде өтті.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено