Қайырымдылық акция

14.12.2018

2018 жылдың 8 желтоқсанында мектепішілік «Жылы жүрек-жомарт қол» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияның басты мақсаты балаларды орта біліммен толық қамтылуына жағдай туғызу. Маңызды міндетіміз қамқорлық жасау. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Осы күні мерекелік концерт,жәрмеңке,аукцион ұйымдастырылды. Акцияға 7-11 сынып оқушылары, ата-аналар,ұстаздар  толық қатысты .Мерекелік іс-шараға 7 «а»  сынып оқушылары домбырада күй  тартып, 9 «а» сынып оқушысы Байтоқ Маржан ән айтып мерекелік көңіл күйді ерекше етті.Аукционға мектеп оқушыларының көркем еңбектен жасаған көркемдік,сәндік қолданбалы бұйымдары қойылды.

        



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено