«Абыз-домбыра...»

24.11.2018

2018 жылдың 24 қараша күні Астана қаласы №1 өнер мектебінде «Абыз-домбыра...» атты қалалық күйшілер мен әнші-термешілер байқауы болып өтті. Байқауға қатысушы үміткерлердің аспапта ойнау шеберлігі мен ән-күйлердің шығу тарихымен қаншалықты таныс екендігі ескеріліп бағаланды. Қазақ халқының бабадан қалып балаға жеткен ән-күй өнерін насихаттау мақсатында өткен додаға №61 орта мектептің 4 сынып оқушысы Аспанов Ислам мен 8 сынып оқушысы Тойшыбек Санжар қатысып, екеуі де жүлделі үшінші орынды иеленді. Өнерпаздарымыздың жетекшісі Шампетова Бақыт Шөкебайұлына алғысымызды білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз!
                           



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено