«Елбасыға хаттар» байқауында жас қыранымыз марапатталды
07.12.2018Астана қаласы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы ұйымдастыруымен, Тұңғыш Президент күніне орай жасқырандықтар арасында «Елбасыға хаттар» атты қалалық байқауы №27 мектеп-гимназиясында өтті. Байқауға көптеген мектептерден оқушылар қатысты. Байқау нәтижесінде, Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиямыздың 3 «Ә» сынып оқушысы Әбдікерім Нұрай алғыс хатпен оралды. Әбдікерім Нұрайды шын жүрекпен құттықтаймыз!!! Алда үлкен белестерді бағындыруына тілектеспіз.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
