ШАХМАТТАН ТУРНИР 

17.11.2018

17 қараша күні №81 "Astana English school" мамандандырылған гимназиясында ең дарынды әрі талапты жас шахматшыларды анықтау мақсатында шахмат секциясына қатысатын 1-3- сынып оқушылары арасында турнир өтті. Шахмат турнирі барысында оқушылар жас ерекшеліктеріне сәйкес өзара сайысқа түсіп, білек тіресіп, ақыл-ой сайысында тамаша көрсеткіш көрсете білді. Сайыс соңында оқушылар дипоммен марапатталды. Жеңіске жеткен оқушыларымызды құттықтай отырып, әрі қарай да шахмат ойынында болсын, өмірде болсын мол белестерді бағындыруларын
тілейміз.
Шаxмат секциясының жетекшісі Бейімбет Қабыл



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено