«Қалыптастырушы бағалау заманауи білім беру кеңістігінде» атты қалалық семинар

13.11.2018

Астана қаласы №49 орта мектебінде «Қалыптастырушы бағалау заманауи білім беру кеңістігінде» атты іс-шара өтті. Шараға Астана қаласы Білім басқармасының басшысы А.Жангозин, «Нұр Отан » партиясы Байқоңыр аудандық филиалының бірінші орынбасары М.Болысбек, «Астана дарыны» психологиялық сүйемелдеу орталығының әдіскері Р.Ермагамбетова, қала мектептерінің директорлары мен ұстаздары, мектептің қамқоршылық кеңес мүшелері мен ата-аналар қауымдастығы қатысты. Шара барысында мектептің ашылған жаңа алаңдар жұмысы, атап айтсақ, «Smart zone», «Үйлесім» психологиялық алаңы, «Qazag star» балалар продюссерлік орталығы , «Көшкетану» орталығы, «BIOZONA» Астрофизика орталықтары таныстырылды. Шарада Халықаралық медиация мектебінің директроы Асель Сайлаубай ата-аналарға тэд-трениг өткізіп, тележүргізуші Баян Бақкелді өз іс тәжірбиесімен бөлісті. Сонымен қатар, мектеп ұстаздарының тәжірбиесін таныту мақсатында ашық сабақтар желісі ұйымдастырылды. Шара соңында мектеп өнерпаздары өнер көрсетіп, әлем чемпиондары мектеп түлектері, өнерде жүрген мектеп түлектері мен оқушыларының шеруімен ұласты. Шараға «Қазақстан дауысы- 2014» жобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет келіп, өз өнерімен тәнті етті.

                       


                                   

                                    

                                                         

               



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено