"Педагогикалық тәжірибе және инновация" тақырыбында КжТБ педагогтарының қалалық семинары

24.10.2018

    "2017-2022 жылдары Астана қаласының білім беруін дамыту бағдарламасын" жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 24 қазанында Астана қаласы әкімдігінің "Көпбейінді колледжі" МКҚК негізінде Астана қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы  "Педагогикалық тәжірибе және инновация" тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру саласы педагогтарына арналған қалалық ииновациялық семинар ұйымдастырды.

    Семинар колледж оқытушыларының кәсіби шеберлік пен деңгейлерін арттыруын көрсету мақсатында өткізілді.

   Семинар аясында қала оқытушыларының шығармашылық тұрғыдан тәжірибе алмасуы және педагогикалық тәжірибе мен инновацияны дамыту, Астана қ. ТжКББ ұйымдарында оқытудың сапасын арттыру үшін жағдай жасады.

   Семинар барысында жаңашыл-инновациялық технологиялардың кейбір элементтерін оқытушылар өз сабақтарында өте тартымды пайдалана білді. Шараға қатысқан оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері әлемдік білім беру үдерісінде жаңадан қолданылып жатқан CLIL, ВОРРС технологияларын нағыз кәсіби маман даярлауға бағыттай отырып, оқытуда шебер пайдалана білді. Жалпы шаралардың өту деңгейі жоғары бағаланып, әріптестердің шығармашылық  тілегіне ұласты.

         



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено