Сөз шебері» жүргізушілердің фестиваль-байқауының ЕРЕЖЕСІ
13.09.2018«Сөз шебері» жүргізушілердің фестиваль-байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Өткізілетін күні: 2018 жыл 21 қыркүйек
Өтетін орны: №38 мектеп-лицейі, Мәжіліс залы
- Жалпы Ереже:
Фестиваль-байқау дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету, жас өскелең ұрпақты тарихқа, мәдениетке және еліміздің әдеби дәстүріне кеңінен баулуға бағытталған. Фестиваль-байқау әлеуметтік мәдени бағытқа негізделген.
- Фестиваль-байқаудың мақсаты мен міндеті:
- Фестиваль-байқаудың негізгі мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық деңгейін ашу, сөз өнері жанрын танымал ету, мерекелік іс-шараларды жүргізетін дарынды балаларды анықтау;
- Фестиваль-байқаудың міндеті: қатысушылардың шығармашылық деңгейін ашуға жағдай жасау, сахна жүргізушісі кәсібін насихаттау.
- Фестиваль-байқау қатысушысы:
- 8,9,10 сынып оқушылары
- Фестиваль-байқауды ұйымдастырушы:
№38 мектеп-лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Мақпал Бөлтірікқызы
Өткізілу шарты:
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Академиялық манерадағы жүргізушілер»;
- «Ойын-сауық бағдарламаларының жүргізушілері»;
- «Байқау-ойын бағдарламаларын жүргізушілер».
Байқау төмендегі кезеңдер бойынша өтеді:
- Өзін-өзі таныстыру. (4-5 минут). «Мен жүргізушімін». Таңдалған номинация бойынша шығармашылық жолмен өзі туралы айтып, сондай-ақ кәсіби өмірбаянын қызықты ұсынуы қажет.
Таныстыруды бағалау критериі: Мәнерлеп сөйлеу, тақырыпты дамыту қабілеті, сахнада өзін ұстай білуі, шығармашылықтағы қызықты жолы, бөлінген уақытты пайдалану мүмкіндігі.
- Үй тапсырмасы. «Идея. Жоба. Іске асуы». Өз еркіндегі сценариймен алдын-ала дайындалған, концерттен үзінді дайындау, мерекелік іс-шара, танымдық бағдарламалар (номинациялар бойынша, 5 минут).
Шарттардың міндеті бойынша залмен жұмыс жасау.
Бағалау критерилері: Идеяның түпнұсқалы болуы, залмен жұмыс жасау, сахна мәдениеті, көркемдік мәнерлеу құралдарын пайдалануы.
Өзін-өзі таныстыру және үй тапсырмасын көрсету барысында мультимедиялық аппараттарды қолдануға болады.
- Озық ойлы тапсырма:
- Импровизациялық оқу, таныс емес мәтіндер ұсынылады.
- Тосыннан келген сұрақтарға ойланбастан жауап беру. Өз ойын еркін жеткізу, нақты әрі толыққанды жауап беру.
Тосыннан қойылған сұрақтардың бағалануы: тақырыптан ауытқымау, ойын еркін жеткізе білу, тапсырманың дұрыс орындалуы.
- Марапаттау рәсімі және қорытынды.
Әр номинация және жас ерекшеліктеріне байланысты жеңімпаздар анықталады. І, ІІ, ІІІ орындар дипломмен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталады.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
