Тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің ғимараттан өрт шыққан жағдайда оқу-жаттығу эвакуациясы
28.02.2019Өрт туындаған жағдайда «№ 22 «Әлем» балабақшасы» МКҚК ғимаратынан тәрибеленушілер мен қызметкерлерді оқу-жаттықтыру эвакуациясы туралы есеп.
Жаттықтыру эвакуциясының мақсаты: Өрт туындаған жағдайда тәрбиеленушілер мен қызметкерлерде мінез-құлық қауіпсіздігі дағдыларын және әрекетті практикалық пысықтауды қалыптастыру. 2019 жылғы 28 ақпанда өрт туындаған жағдайда балабақша ғимаратынан тәрбиеленушілер мен қызметкерлерді кезектен тыс оқу-жаттықтыру эвакуациясы өтті. Шартты өрт шыққан орын - музыка залы. Жаттықтыру сабағы өткен күні 2 жастан бастап 7 жасқа дейінгі балалардың 11 тобы жаттығуға қатысты, балалардың жалпы саны 112 тәрбиеленуші, сондай-ақ 42 қызметкер.
Эвакуациялау барысы:
•Өрту туралы хабарландыру;
•Балалар мен қызметкерлерді эвакуациялау (эвакуациялау жоспарына сәйкес өтті);
•Қызметкерлердің келісілген әрекеті, (нұсақулыққа сәйкес);
•Жиналатын орынды ұйымдастыру (жинау қауіпсіз жерге ұйымдастырылды) ;
• Балаларды және қызметкерлерді тізім бойынша түгендеу;
• Басшыға жаттықтыру өткізу туралы баянат жасау.
Өрт туралы хабарландыруды меңгерушінің шаруашылық жөніндегі көмекшісі — Г.А.Ахметжанова жасады. Өрт күзетін шақыруды және жоғарыда көрсетілген ұйымдағы өрт туралы хабарландыруды шартты түрде «№ 22 «Әлем» балабақшасы» МКҚК әдіскері — А.А.Ахметжанова жасады.
Электрлі жабдықтарды сөндіру, балаларды эвакуациялау, өрт күзеті машиналарына ыңғайлы өтетін жол беру, шартты арнайы құралдармен өртті сөндіру, өрт тарап кетпес үшін есіктерді жабу арқылы өртті тоқтатудың алдын алу жұмыстары кесте жоспарға сәйкес жүргізілді.
Қатты сигналды хабарландыру болғаннан кейін тәрбиешілер 10 минуттің ішінде тиісті қосалқы есіктер арқылы екі адамнан коллонамен тәрбиеленушілердің шығуын жүзеге асырды.
Қауіпсіздік бойынша жауаптылар топ тізімінің құрамы бойынша балалар мен қызметкерлерді салыстырып, түгендеу жүргізді.
Өрт кезінде оқыту эвакуациясын жүргізу қорытындылары:
•ТЖ алдын алу бойынша жаттықтыру эвакуациясы және ойын жағдайларды модельдеу жоспар бойынша жүргізіледі. Тәрбиеленушілер қорықпайды, тәртіпті және педагогтар не айтады соның барлығын тез орындайды. Оқыту эвакуациясы кезінде балабақша персоналының әрекеті сенімді болды және ұйымдасып жасалды. Балабақша меңгерушісі оқыту эвакуациясын - «қанағаттанарлық» деп бағалады.
Өрт туралы ескерту
Балалар мен қызметкерлерді эвакуациясы
Жиналу орындарын ұйымдастыру (қауіпсіз жерде жиналуды ұйымдастыру). Балалар мен қызметкерлерді тізім бойынша түгендеу
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
