Қош келдің Әз наурыз
21.03.2018Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Сол ұлы дәстүрлерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеміз. Өзіміз орналасқан қаламыздың Алматы ауданының ұйымдастыруымен Студенттер саябағында аталып өткен Наурыз тойының думанды мерекелік іс-шарасына біздің кешен де өз үлесін қосып, ұжымдастар болып әннен шашу шашып, биден маржан түзеп, халыққа тегін ұлттық тағамымыз бауырсақ пен Наурыз көже және палау таратылып жатқанда, нұр үстіне нұр құйып біздің ұжым да өз өнерлерін халқымыздың ұлы мейрамы мен ата-дәстүрін жаңғырытып, ұлықтау жолында еш аянбады.


Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
