ЖЖЕ сайысының аудандық сайысы

11.04.2018

Сәуір айының 11-жұлдызында мектебімізде кезекті аудандық жол қозғалысы жас жол инспекторларының  слетінің қалалық сайысы өтті. Астана  қаласы  жол қозғалысы жас инспекторлар тобының салтанатты шеруі ашық деп жарияланып, алғы сөз  №80 мектеп-гимназия директоры Жарменова Гүлмира Серғазықызына берілді. Жасөспірімдер жөніндегі полиция бөлімінің бастығы Ахмет Самал Нурғалиқызы, Астана қаласы, Білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің  бас маманы Иманжан Сұлтан Мейіржанұлы да сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі!

   «Жас жол инспекторлары» қалалық сайысы 7 бағыт бойынша жұмыс жасады. Үгіт-насихат бригадасының сайысы (агитбригада), саптық түзеу (строевой смотр), велосипедпен мәнерлеп жүру (вождение велосипеда), «Жас реттеуші» (регулировщик), «Жас санитар» (санитар), «Білімпаз» (Эрудит), «ЖЖЕ белгілерінің сайысы» (Знатоки ПДД). 

Әр бағыт бойынша сынасқан сайыскерлердің қорытындысы дайын болғанша, мектебіміздің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ сайысқа келген басқа да мектептің оқушылары да өнерлерін көрсетуден аянып қалмады.

Сайыс қорытындысы бойынша №80 мектеп-гимназиясының «Бағдаршам» тобы І-орынға ие болса, ІІ-орынды 23 мектеп, ІІІ-орынды 3 мектеп иеленді.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено