«Көпфункционалды білім беру: даму бағыттары» қалалық тәжірибелік-практикалық семинар өткізілді.
11.04.20182018 жылғы 11сәуір күні қалалық Білім басқармасының қолдауымен Астана қаласы әкімдігінің «№72 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында «Көпфункционалды білім беру: даму бағыттары» қалалық тәжірибелік-практикалық семинар өткізілді. Семинарға «Авторизация» кластеріне енетін жетекші № 72 мектеп-лицейі және серіктес 70мектеп-лицейі,73мектеп-лицейі, 74мектеп-гимназиясы, №81 «ASTANA ENGLISH SCHOOL» мамандырылған гимназия. Семинарға Астана қаласы Білім беру басқармасы, Білім беру жаңарту орталығы, «Назарбаев Зияткерлік мектептер» акционерлік қоғамының педагогика шеберлігі орталығының тренерлері, қалалық кластерлерінің жетекші мектептерінің директорлары, үйлестірушілер, пән мұғалімдері қатысты.
Семинар мақсаты: көпфункционалды білім беру аясында серіктес мектептермен бірлесе отырып, даму бағыттарын зерделеу
Міндеттері:
- 1. Жаңартылған білім мазмұны, «CLIL», «Team teaching» әдістері, «Quest»
ойыны арқылы білім берудің тиімді жолдарын көрсету;
2.Сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастыруда оқушылардың креативті қабілеттерін дамыту;
Семинарды әр мектептің оқушылары 1 қабатта өз мектептерінің жетістіктерімен, 3 қабатта көрме арқылы ғылыми, әлеуметтік жобалармен таныстыру арқылы бастады. Содан кейін мәжіліс залында№72 жетекші мектеп-лицей директоры Гүлсім Асылқызы Жүсіпова«Авторизация» кластерінің жыл бойынша атқарылған жұмысы жөнінде есеп берді. № 70,73,74,81 мектептердің мұғалімдері № 72 мектеп-лицей оқушыларын өздерінің оқушыларымен біріктіріп сабақтар өткізді. Сабақтарда жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы, «Quest» ойыны, «CLIL», «Team teaching» әдістері, «Сатылай кешенді оқыту», тәрбие жұмысыдағы «БжС» технологиясы,қалыптастырушы бағалауда түрлі әдіс-тәсілдер, пәнаралық байланыс, көптілді оқыту және оқушыларды белсенді оқыту әдістері көрсетілді. «Өзіндік дамыту психологиясы», «Табысты ата-аналар мектебі» жобалары және сахна қойылымдары бойынша сабақтан тыс шара өткізілді.Мұғалім мен ата-аналар тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтіні анық көрінді. Семинарда оқушылар өз бетінше жұмыс атқара білетінін көрсетті, мұғалімдер тек қана кеңес, бағыт-бағдар беруші рөлін атқарды.
Рефлексия іскерлік бағытта өтті, сабақтарға қатысқан мұғалімдер график жасау арқылы семинардың нәтижесін көрсетті.Кері байланыс үш тілде өткізілді. Шетел азаматтары басқа мектептермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік туғыздырғанына шексіз алғыстарын білдірді.
Семинар нәтижесінде «Авторизация» кластеріне жататын мектептер «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының «NIS program», «International Baccalaureate» бағдарламаларын енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыруға дайын екенін көрсете алды.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено