2018 жыл 13-16 наурыз аралығындағы тоғызқұмалақ жарысы
13.03.20182018 жыл 13-16 наурыз
2018 жылдың 13-16 наурыз айы аралығында Астана қаласы №16 орта мектебінде «Шығыс балалар мен жасөспірімдер» орталығының ұйымдастыруымен тоғызқұмалақ жарысынан қалалық оқушылар спартакиадасы өтті.
Спарткаиада барысында мектебіміздің дене тәрбиесі бірлестігінің жетекшісі А.Хамбардың жетекшілік етуімен 9 «г» сынып оқушысы Қайыржанов Аңсар жекелей тақтада 3 орынды иеленсе, ауданаралық тоғызұмалақ сайысында 9 «д» сынып оқущысы Жамболат Гүлден 3 орынды місе тұтса, дәл осы сайыста 7 «г» сынып оқушысы Айтқалиева Гүлнұр 2 орын алып, мектебіміздің абыройын ары қарай асқақтатты.
Сонымен қатар, аудандық бәсекелестікте мектебіміздің командасы 3 орынды қанжығаға байлады. Жеңістеріңіз көп, мерейлеріңіз үстем болсын демекпіз!

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
